Майли Сайрус пен Лиам Хэмсворд екеуі де көптің талқысында! Отау құрғалы алғаш рет бірге ел алдына шыққан жұп - G'Day USA гала-кешінде төбе көрсетті. Айтулы салтанаттан жұлдызды отбасы құр алақан қайтпаған екен.
Әйгілі әнші мен дарынды актердың отау құруы – көпшілік үшін 2018-дің елеулі оқиғасына айналған-ды. Жанкүйерлері, жұлдызды жұп жыл басында шаңырақ көтерді деп топшыласа да, олар тек санаулы күн бұрын ғана үйленгенін айтып, жағымды жаңалықты жар салды. Содан бері, Майли мен Лиамды көпшілік көзден тасада қалдыруға құлықсыз.
Қуанышты хабардан соң халықтың қызу талқысына түскен ерлі-зайыптылар, G'Day USA гала-кешіне қатыстып, тағы елді елең еткізді. Бақыттан бал-бұл жайнаған отбасы, атаулы салтанаттан Лиамның «үздік актерлық ойыны» үшін арнайы жүлдесін де еншілеп қайтты.
Одан өзге, айтулы шарада Айла Фишер, Джон Траволта сынды танымалдар – қадірлі қонақтар қатарында болды. Өнер иелерінің басын қосқан «G'Day USA» осымен 16-шы рет дәстүрлі түрді өткізіліп келеді. Мақсаты – шығармашылық байланыс АҚШ пен Аустралия қарым-қатынасының жақсаруына, өз септігін тигізіп жүрген жандарға құрмет білдіру!